Главная > новости > 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні


8-03-2018, 17:41. Разместил: Admin

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай аудандық орталықтандырылған кітапханада  «Әйел – ана,  әйел – бақыт, әйел–жыр» атты әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шара барасында 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесінің шығу тарихы туралы кітапханашы баяндап берді. Сондай – ақ мектеп оқушылар   аналарға арнап өлең шумақтарын оқыды. Көрермендер арасында 4 бөлімнен тұратын «Ана мен қыз» сайысы өтті. Би, қол-өнер, мақал-мәтел айту, викторнилық сұрақтар қойылды.Сонымен қатар «8 Наурыз» инсталляциясы құрылды және «8 Наурыз Әйел – Ана – өмірдік нұры» атты кітап көрмеге кітапхана оқу залының кітапханашысы қалың оқырмандарға библиографиялық шолу жасады. Жиналған  аналарға  Е.Бейбітхан  «Ұнатамын» әнін тарту етті.   

 

 

                          

шаблоны для dle 11.2
Вернуться назад