Главная > новости > Малыбай ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандары үшін ақпараттық сағат өтті.

Малыбай ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандары үшін ақпараттық сағат өтті.


19-01-2023, 17:24. Разместил: Admin
Павлодар облысының 85 жылдығын мерекелеу аясында, ауылдық клуб әдіскері мен кітапханашының бірлескен ұйымдастыруымен, Малыбай ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандары үшін ақпараттық сағат өтті. Іс-шара барысында қатысушыларға Павлодар облысының тарихы, оның киелі орындары туралы айтылды. Сондай-ақ, байқау - викторина "Сен өз өлкенді білесің бе?" өткізілді, облыстың қалалары мен аудандарын білуге арналған кроссвордтар құрастырды, балалар сурет салды. Іс-шара аясында Павлодар облысы туралы, облысымыздың дамуындағы негізгі сәттерді бейнелейтін, облыстың табиғаты мен киелі жерлері, дарынды адамдар мен өнеркәсіп кәсіпорындары туралы баяндайтын басылымдардың көрмесі ұсынылды.
                             
шаблоны для dle 11.2
Вернуться назад