Өмірбаяны
Сәбитов Рәшит Сәбитұлы 1936 жылы 8 мамырда Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Жаңатан ауылында туған. 1954 жылы «Қызық қоғам» ауылында Қызыл әскер орта мектебін, 1959 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
1959 -1968 жж. Ақсу, Май аудандық газеттері редакторының орынбасары болып істеген. 1970 жылы Алматы Жоғары партия мектебін бітірген соң Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің аға әдеби қызметкері міндетін атқарған. Бұдан соң жиырма жыл бойы Қазақстан Компартиясының Орьалық Комитеті жанындағы Партия тарихы институтының аға ғылыми редакторы болып қызмет істеген. 1972-1992 жж. Республикалық дірежедегі дербес зейнеткер болғанға дейін ҚР Сыртқы істер министліггінде бірінші хатшы, сектор , бөлім меңгерушісі , кеңесші болып еңбек еткен Рәшит Сәбитұлына Екінші хатшы дипломатиялық дәрежесі берілген.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Р. Сәбитұлын «В.И. Ленин шығармаларының 55 томдық толық жинағы қазақ тіліне аударуды жүзеге асыруда жемісті қызмет атқарғаны үшін» Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1983 жылғы Жарлығы бойынша Жоғарғы Кеңестің Құрмет грамотасымен марапаттады.
1990 ж. Р. Сәбитұлына «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» құрметті атағы берілді.
Шығармалар:
Рәшит Сәбитұлы Дүбірлі дүние. (Өлеңдер мен дастандар жинағы, 2- кітап).- Павлодар қаласы: ҒӨФ «ЭКО»,2006 ж.-284 б.
Сәбитұлы Рәшит. Парыз пен қарыз. Өлеңдер мен дастандар жинағы,3-кітап.-Павлодар қаласы, 2006.-256 бет.
Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер мен мақалалар