Өмірбаяны
Уақатов Бекмұрат (29.11.1932, Павлодар облысы Лебяжье ауданы Қорт а. – 20.12.1984, Алматы қ.) – әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы (1975).
ҚазМУ-ды (1954, қазіргі ҚазҰУ) және осы университеттің аспирантурасын (1957) бітірген.
«Қазақ әдебиеті» газеті редакциясында (1957–58)
Қазақстан ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында ғылыми, аға ғылыми қызметкер (1958–82), бөлім меңгерушісі (1982–84) қызметтерін атқарған.
Ғылыми еңбектері: «Қазақтың халық өлеңдері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Уақатовтың ғылыми еңбектерінің негізгі тақырыбы қазақ фольклорының мәселелеріне («Жоғары кластарда көркем шығарманы талдау», 1965; «Таланттар, туындылар», 1969; «Қазақтың халық өлеңдері», 1974; «Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясы», 1983, т.б.) арналған.
Бекмұрат Уахатов әдебиеттану ғылымында қазақтың көне асыл қазынасы-ауыз әдебиетін зерттеуге 20 жылдан астам уақытын арнады.Қазақ фольклорының төркінін қопара ақтарып,оны сонау бағы заман мирастарынан іздестірді.Бекмұрат Уахатов «Қазақ фольклористикасы», «Қазақ фольклорының типологиясы» , «Қазақтың тарихи жырлары», «Жар-жар» , «ығарушысы әрі авторы болды.Сын саласындағы Бекмұрат Уахатовтың
Ерекше зерттелген сала-қазақтың халық өлеңдері болды.Б.Уахатов өлең жанрының негізгі даму тенденциясын анықтау,соның табиғатын,идеялық-көркемдік ерекшеліктерін аша білді.Қазақ өлеңінің ең алғашқы шығуын,таралу тарихын,қалай өскенін,жетілгенін зерттеп көрсетті.Сонымен қатар педагогика ғылыми мен практикасы үшін де тер төккен азамат
Ежелгі Кереку өңірі, оның ішінде Қарағайлы елі қасиетті де, киелі адамдардың атамекені десек артық болмас. Бұны қазір де Ертістің-Қарағайлы өлкесінің үлкен-кішілі, жас жеткіншектері шежіреге толы өлке екенін зерттеуші журналист Уәлихан Түкісовтың «Киелі жандар және ұрпақтары» деген танымдық зерттеуі әрі естелік кітабынан танып-білуде.Бұл жерде елдің асыл ағалары ІІ Мемлекеттік Думаның депутаты болған Темірғали Түйтеұлы Нүрекенов және дін уағыздаушы аруақты Уахит хазірет жөнінде сөз етеді. Сондай-ақ, Қарағайлы елінің қос арысының осы тарихи зерттеудің тың деректерді алдымызға жайса, балалайкасымен «Екі жирен» әнімен бүкіл Алтай өлкесін тамсандырған ХІХ ғасырдағы жезтаңдай әнші Тоқбай өнері халқымызға қайта оралды.
Тек қана ауыл аймаққа белгілі болған ерекше қиссашыл, ақын, өнерпаз қос тарлан жырау Қорт Боранбай мен майқарағайлық Рақымжан Мәкішев, аруақты сынықшы, емші Мерғалым, емші Ақлиманы халқымыздың біртуар асылдары деп егемендік алғаннан кейін ғана танып, бағалаудамыз.
Сонымен, Ертістің-Қарағайлы өңірі республикаға кең танымал ғалымдарды да берді. Атап айтқанда, ұзын саны жиырмаға жақын жерлес ғалымдар шықты. Олар ғылымның әр саласынан кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғап, еліне елеулі ғылыми еңбек етуде. Ғылым мен жоғары білім беру биігінен көрінген асқаралы да, тәжірибелі ғалымдар, қоғам қайраткерлері: Т.С.Садықов – Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, тарих ғылымдарының докторы, ҰҒА-ның академигі, Ғ.Есім – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің факультет деканы, философия ғылымдарының докторы, ҰҒА-ның академигі. Сондай-ақ, медицина докторлары Қ.А.Шаймарданов, Қ.Н.Мұқанов, Қ.Н.Шаймарданов, түрлі саладағы профессорлар Т.М.Жәуітіков, Е.Б.Баденов, Ғ.М.Мұқанов, Қ.К.Қайырқанов, С.Т.Тілеукенов, Ш.Қ.Биболов, кеше ғана марқұм болып кеткен Ш.Қасенұлы. Ұстаздығымен ұлағатты болған, аса көрнекті педагог, Қорт (қазіргі Мерғалым) аулының тумасы Р.А. Молдабекованы атап өтпей болмайды.
Демек, Қарағайлы елінің қасиетті топырағы киелі десек те болады. Ғалымдардың жолын жалғастырушылар бар. Бұлар – педагогика ғылымдарының докторы К.Н.Бұлатбаева, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты М.М.Мергенбаев, география ғылымдарының кандидаты,профессор Қ.Т.Сапаров. Міне осы киелі жерде Ұлы Мұхтар Әуезовтың соңғы талантты шәкірті, фольклорист-ғалым, сыншы Бекмұрат Уахатұлы Уахатов та туып, қасиетті топырағынан нәр алған болатын.
Қиын да, қызықты да, мағыналы бірақ бақыты қысқа өмірінде, ғылымның қиясына өрмелеп шығып, оның көкжиегінен жан-жағына көз салып, барлай бастағанда мезгілсіз өмірден кеткен, ірі фольклоршы, сыншы, зерделі зерттеуші, үлкен қаламгер – филология ғылымдарының докторы, профессор Бекмұрат Уахатұлы Уахатов туралы сөз етпекшіміз. [1]
Бекмұрат Уахатов 1932 жылы 29 қараша күнінде қазіргі Павлодар облысы Лебяжі ауданындағы Қорт деген киелі жерде (қазіргі Мерғалым ауылында) Уахат деген адамның ауқатты отбасында дүниеге келген еді. Бекмұрат Уахатовтың әкесі 1941 жылы Ұлы Отан соғысына шақырылып, 1944 жылы 16 қазанда Балтық өңірінде ерлікпен қаза тапты. Ағасы Шаймардан да Ұлы Отан соғысының ардагері, 2005 жылы Ұлы Жеңістің 60-жылдық мерейтойында Астанада өткен шеруге қатысып, Елбасының қолынан «Айбын» орденін алған.
Азамат, көрнекті ғалым, ұстаз
1945-1946 жылдары Б.У.Уахатов «Қызыл қоғам» ұжымшары орталығындағы «Қызыл әскер атындағы орта мектепте оқиды.1946 жылы БЛКЖО мүшелігіне қабылданады. 1947-1949 жж. Ол Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы №18 ер балалар қазақ орта мектебінде оқып,оның толық курсын тәмамдап,сол жылы республика астанасындағы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің қазақ бөліміне оқуға түседі.Университетте оқып жүрген шағының өзінде-ақ,Б.У.Уахатов шәкірттердің ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді араласады.1954жылы 1-4 сәуірде «Университеттің құрылғанына-20 жыл» деген тақырыпта өткен студенттердің ғылыми-теориялық конференциясында баяндама жасайды.
Зерттеушілік қабілетімен таныла бастаған Б.У.Уахатов,1954жылы университеттің филология факультетінің толық курсын тәмәмдағаннан кейін,үздік оқыған шәкірттерінің бірі ретінде аталған факультетің қазақ филологиясы кафедрасының аспирантурасына оқуға қалдырылады.Ол 1954-1957 жылдарда аспирантура курсын ойдағыдай бітіріп,әдебиетші ретінде республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің редакциясына қызметке шақырылады.
Бастаған ғылыми-зерттеу жұмысымен түбегейлі айналысу үшін,
Б.У. Уахатов 1958 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының қазақ әдебиеті бөліміне кіші ғылым қызметкерлік жұмысқа ауысып,онда 1962 жылға дейін қызмет атқарады. Ол мұнда өзінің аспирантурада оқыған жылдарында айналысқан ғылыми зерттеу жұмыстарын одан әрі жалғастырады.1959 жылы 15 маусымда Алматы қаласында өткен Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институты ұйымдастырған «Қазақ әдебиетінің проблемалық мәселелері» атты ғылыми-теориялық конференция жұмысына белсенді араласып,сонда баяндама жасайды.1960 жылы Москва қаласында өткізілген Шығыстану ғалымдарының Халықаралық ХҮ конгресіне қатысып, сөз сөйлейді.
Б.Уахатов 1961 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеті жанындағы Ғылыми Кеңесте Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі,профессор,Лениндік сыйлықтың лауреаты М.О.Әуезовтің жетекшілігімен «Қазақ совет прозасындағы характер жасау шеберлігі» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, сол жылы филология ғылымдарының кандидаты атағын алады.
Міне, осыдан бастап Б.У. Уахатов қазақ әдебиетінің проблемалық мәселелерін зерттеу ісімен бірыңғай және түбегейлі айналысты. 1961 жылы тамыз айында Қазақ ССР Ғылымы академиясының Әдебиет және өнер институты ұйымдастырған халық ақындарының республикалық маслихатын өткізу жұмыстарына белсене араласты.
Әдебиет сыншысы.
1968 жылы сәуір айында Киев қаласында “Фольклордағы сөз бен саз туралы” деген тақырыпта СССР Ғылым академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің фольклор жөніндегі Кенесі мен Украина Ғылым акдемиясының М.Ф. Рыльский атындағы Фольклор өнері және Этнография институты бірігіп өткізген Бүкілодақтық симпозиумға қатысып, сөз сөйледі. Сол жылы қазан айында Душанбе қаласында Садриддин Айнидің 90 жылдық мерейтойына орай өткізілген “Орта Азия мен Қазақстан халықтарының әдебиеті және олардың ауыз әдебиеттерінің бір-біріне ықпалы” деген тақырыптағы республика аралық ғылыми конференциялық делегаты болды.1969 жылы қазан айының аяғында Алматы қаласында Қазақ ССР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен “Қазіргі кездің проблемалары және фольклорының перспективалық дамуы” деген тақырыпта ғылыми –теориялық конференция болып өтті. Б.У. Уахатов осы конференцияның ұйымдастырылу және өткізілу жұмыстарына белсене араласып, онда баяндама жасады.
Б.У. Уахатов мұндай ғылыми –теориялық конференцияларға, түрлі ауқымдағы форумдар мен симпозиюмдарға, үлкен жиындар мен басқосуларға өміінің сонғы кездеріне дейін белсенді араласып отырды. Мәселен, ол 1976 жылы 27-29 қыркүекте Алматы қаласында өткен Бүкілодақтық тюркология конференциясына қатысты. Ал, 1980 жылы 10-12 қыркүйекте Ташкент қаласында болған ІІІ Бүкілодақтық тюркологиялық конференцияға делегат болып қатысып, онда”Қазақ халық өнерінің
типологиялық ерекшелігі”деген тақырыпта баяндама жасады. 1981 жылы 20 маусымда өткізілген “Сібір халықтарының тұрмыс-салт жырлары” деген ғылыми- теориялық конференцияның делегаты болады. 1984 жылы 30 маусымда Жамбыл қаламында зор салтанатпен өткізілген Кенен Әзірбаевтың туғанына 100 жыл толу мерейтойының құрметті қонағы болады.
Білім зерттеуші Б.У. Уахатов Қазақ ССР Ғылым акдемиясы М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының фольклор бөлімінің аға ғылыми қызметкері бола жүріп, қазақтың халық өнерінің проблемаларымен табиғатына қатысты аса терең зерттеулер жүргізді. Осы саладағы жүргізген зерттеулерді негізінде 1975 жылы “Қазақтың халық өлеңдері” деген тақырыпта докторлық диссертация қорғап, 1976 жылы филология ғылымының докторы ғылыми дәрежесіне ие болды.
дебиет Ә проблемалары мен фольклор мәністерін зерттеуде ерен еңбегімен танылған, әрі ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруда аса жоғары қабілет көрсеткен Б.У. Уахатовты Қазақ ССР Ғылым академиясы басшылығы зор сенім білдіріп, 1980-1984 жылдары М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Отрар Азия мамандандырылған Орталығының ғылыми Кеңесінің ғылыми хатшысы етіп сайлады. Ол бұл жауапты қызметті өмірінің сонғы сәтіне дейін, яғни 1982-1984 жылдарда қазақ ССР Ғылым институтының қолжазба және текстология бөлімін менгере жүріп атқарды. Сөйтіп, салтанатты ғылым, білгір әдебиет зерттеушісі Б.У. Уахатов өзінің саналы өмірінің сонғы шағында ғылыми зерттеу және ғылыми ұйымдастыру жұмыстарын бір-бірімен тығыз ұштастыра жүргізді.
Б.Уахатов өзінің кандитаттық диссертация тақырыбы негізінде М.Әуезовтың,С.Мұқановтың,Ғ.Мүсіреповтің,Ғ.Мұстафиннің романдық туындыларындағы көркемдік,шеберлік қыр-сырларын нақты мысалдарға сүйене отырып зерттеді.Әсіресе,ұлы романшы М.Әуезовтың шеберлік сырларына барынша тереңдей үңілді.Соның нәтижесінде жас ғалым «Абай жолы» романының көркемдік ерекшеліктері деген үлкен ғылыми-зерттеу мақала жазып,,оны «Қазақ ССР Ғылым академиясы хабарларының» 1960 жылғы бірінші санында жариялатты.Бұл зерделі мақалада Б.У.Уахатов дана жазушының көркем бейне жасаудағы хас шеберлігін тамаша дәлелдеді.1960 жылы «Қазақ ССР Ғылым академиясының»№2 жинағында оның «Көркем әдебиетінің сюжеті мен өмір шындығының байланысы» атты екінші ғылыми-зерттеу мақаласы жарық көрді. Уахатов онда М.Әуезов,С.Мұқанов,Ғ.Мүсірепов,Ғ.Мұстафиннің романдары сюжеттерінің өмір шындығынан ойып алынған оқиғалар желісі екендігін жан-жақты ашып берді.Бұл орайдағы әр қаламгердің өзіндік сюжет жасау шеберліктерін нақты мысалдармен алға жайды.
Б.У. Уахатовтың сол тұста жазған «Характер жасау шеберлігі»,»Портрет жасау шеберлігі» атты ғылыми зерделі,танымды,теориялық толғамды мақалалары да жас әдебиетшінің салиқалы сыншылық дарын-талантын айқын танытты.Халық ақындарының импровизаторлық өнері деп аталатын көлемді кітаптық ғылыми-зерттеу еңбектерінде одан әрі жетілдіре түсті.Осы аталған кітаптық мақала-зерттеулерде қойылған,көтерілген,түйінделген теориялық тұжырымдар мен ғылыми ойлар,пікірлер,қағидалар күні бүгінге дейін өз мәністерін жойған жоқ.Мәселен, ғалым Б.У.Уахатов «Абай жолы-шеберлік жолы»деген мақаласында Мұхтар Омарханұлының туындысын әділдікпен,біліктілікпен,танымал сыншылықпен жан-жақты сөз ете келіп,былай деп жазды: «Совет елінің сүйікті суреткері,жазушылық шеберлігі әбден кемелденген зор талант иесі М.Әуезовтің Абай туралы жазған 4 томдық романы қазақ совет әдебиетінің теңдесі жоқ тамаша шығармасы! Бұл туынды-бүкіл совет елінің,дүниежүзі әдебиетінің ірі табыстарының бірі»
танмыдық жағынан тереңдей зерттеумен қоса, Бекмұрат Уахатов 60-жылдары,қазақ әдебиеті проблемаларын теориялық-қазақ әдебиетінің жеке өкілдерінің шығармашылық қыр-сырларын саралай қарастыруға,сол әдебиет өкілдерінің таланттарын зерделеуге көп көңіл бөлді.Сөйтіп әдебиет саласына белсене араласқан сыншы ғалымдар легіне қосылды.Б.Уахатовтың әдеби –сын зерттеу еңбектері тұтас жинақталып,1969 жылы «Таланттар,туындылар» деген тақырыппен жеке монографиялық еңбек болып жарық көрді.Бұл еңбегінде ол қазақ әдебиетінің классигі,кемеңгер жазушы М.О.Әуезовтен бастап,кейінгі буын аға ақын-жазушыларымыз Т.Ахтанов,С.Мәуленов,М.Әлімбаев,А.Шамкенов,М.Сүндетов,Р.Тоқтаров,С.Жүнісов және басқа да қаламгерлер туралы толғаныстарын ортаға және басқа да қаламгерлер туралы толғаныстарын ортаға салды.Олардың өзіндік шығармашылық сырларын ашты.
Б.У. Уахатов қазақ әдебиетінің проблемаларымен жан-жақты айналысқан ғалым болды. Ол қазақ әдебиетінің алты томдық тарихын жазысуға белсене ат салысты. Оның үш томына автор ретінде қатысып, бірінші томының екінші кітабына жауапты шығаруш
Сондай-ақ, ол өмірінің көп уақытын қазақ фольклорын жинастыруға, соның туындыларын жарыққа шығаруға, жинақталған фольклорлық туындыларды заман талабына сай зерттеп-саралауға бөлді. Оның тікелей қатысуы және басшылық етуімен қазақ ертегілері мен қазақ эпосының алты томдағы жарық көрді.Бұл белгілі фольклоршы ғылымның қазақ ауыз әдебиетінің ең озық, ең үздік үлгілерін жаоыққа шығаруға-көптомдықты дайндауға қосқан алғашқы салмақты үлесі еді. Осы негізде “Ақындар жыры”(“Ғылым”1962), “Пернедегі термелер”(“Жазушы”1965ж.) “Қазақ фольклористикасы” (“Ғылым”1972ж.)”Жар-Жар” атты ұжымдық еңбектерді шығаруды ұйымдастырды.
Қазына халықта.
Қазақтың халық қазынасы жайлы Бекмұрат Уахатов басшылық жасап жинастырған, зерттеуден өткізген, саралап құрастыру, жарыққа шығарып жоғарыда аталған еңбектер салмақтаса, әрине, әлденеше жүз баспа табақ. Белгілі фольклоршы ғалым Б.У. Уахатовтың өмірінің сонғы жылдарында аса ден қоя зерттеген бір тақырыбы-халық ауыз әдебиетіндегі қазақтың хаық өлеңдері. Осы проблемаға қатысты өзінің зерттеулерінің нәтижелерін ол “Халық өлеңі” (Қазақ фольклорикасы. “Ғылым”. 1972ж.), Дәстүргі халық өлеңдері және оның қазіргі даму эайлы көлемді ғылыми-зерттеу мақалаларында алға жайылды. 1974 жылы “Ғылым” баспасынан оның «Қазақтың халық өлеңі» деген атпен монографиялық еңбегі жарық көрді. Бұл еңбегінде фольклоршы ғалым зерттеуші халық өлеңдерінің алғашқы шығу тарихына көз тастап,оның жанрлық функционалдық ерекшеліктерін ашты. Тұтас бір жалпы жанрдың даму үрдісін анықтады. Ол үшін автор көптеген тарихи этнографиялық, фольклорлық, тіпті, археологиялық материалдарға сүйенді.
Фольклористің бұл зерттеу еңбегіне көрнекті ғылымдарымыз Т.Нұртазин, Р.Бердібаев, Н.Төреқұлов, С.Садырбаев, Т.Жұртпаев аса жоғары баға берді.
Б.У. Уахатов қазақ ауыз әдебиетінің айдыны халық өлеңдері жөнінде 70-жылдардың аяғына таман ондаған дербес ғылыми-зерттеу мақалалар жазды. Ол мақалаларда әдебиетші ғалым халық өлеңдерін сан салаларда бөліп саралап, олардың әрқайсысының туу тарихына-гинезисіне, даму үрдісіне, кемелдену сатыларына ғылыми пікірлер айтып, талдаулар жасады, тұжырымдар шығарды. Автордың ол мақалалары да “Қазақтың халық өлеңдері” деген атпен Ғылым баспасынан жеке еңбек болып жарық көрді. Осы тақарапты ол өзінің докторлық диссертациясына негіз етті. Сонымен, «Қазақ халық өнері» деп аталған ұланғайыр тақырыпты-күрделі проблеманы ауыз әдебиетінің майталман бірлігі, білікті зерттеушісі Бекмұрат Уахатов өз еңбегінің зерттеушісі етіп алды. Оны жанрларға бөле қарастырып, зерттеді. Типологиясын айқындады.Сонын ішінде халық өлеңдеріндегі тұрмыс –салт жарларына айрықша көніл бөліп, оның көне дәуірлік гинезисінен бастап ғылыми зерттеу жүргізді. Соның нәтижесінде ғалым қазақ әдебиеті ғылымына елеулі үлестер болып қосылған сара да дара зерттеулерді дүниеге әкелді. Осындай еңбектің бірі-1983 жылы “Ғылым” баспасынан жарық көрген Б.У. Уахатовтың “Қазақ тұрмыс салт типологиясы” ғылыми монографиясы. Ол кітап жайында, сол туындының жауапты редакторы болған Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі З.А. Ахметов былай деп жазды: Филология ғылымдарының докторы Бекмұрат Уахатовтың моногафиясында қазақтың тұрмыс- салт өлеңдеріне неғұрлым дәл де дәлелді зерттеулер жүргізу мақсатымен, оны туыстық тарихы тереңде жатқан қырғыз, қарақалпақ, ноғай, татар,башқұрт, қарашарай,алтай, халықтарының жырларымен салыстырған. Бұл ретте автор советтік фольклортану ғылымында кең қолданылып жүрген кең ұқсастықтың үш түрлі типін таралап, оны қалай түсініп, қалай іске асырудың нақты мысалдырын ұсынған. Сюжеттік ситуацияның рөлі,компазициясы, оның жасалу жолдары мен түрлері көркемдік ерекшеліктері анықталған. Сөйтіп, бұл зерттеуі арқылы да Б.У. Уахатов қазақ ауыз әдебиетінең арғы шығу тегін, бұл өнердің поэтикалық құрылысын, жанрлық жүйесін, көне мифологиясын айқындап берді. Оның өзге халықтар ауыз әдебиетімен салыстыра қарап, Олардың өзара байланысындағы ортақ зандылықтарды ашты. Бұл фольклор ғылымына қосылған зор үлес болды.
Қаақ фольклористика ғылымының күрделі проблемаларын шешісіп, үрдісін айқындасқан, бұл салада Әуезовтың дәстүрлі лайықты дәрежеде әрі жалғастырған ғалым Б.У.Уахатов,70- жылдардың екінші жартысында қазақ ауыз әдебиетінің негізі болып табылған халықтың тұрмыс салт жырларының түпқиянын,табиғатын тереңдей зерттеу ісімен түбегейлші айналысты. Ауыз әдебиетінің өзге түрлері сияқты тұрмыс салт жырларының да тумысынан қазақ халқының бастан кешкен даму тарихын көрке айнасы екенін дәлелдеумен қоса, автор өзінің зерттеулерінде сол жырлардың тұтас болмысында халықтың қаншама заманалардан бергі әдет-ғұрып,салты мінез құлқы, өмірге көз қарасы жайлы философиялық ой толғамдары, түйін-тұжырымдары айшықты түрде көркемдікпен тереңдей дәлелдеді. Оның мысалдарын халқымыздың сонау ескі замандарындағы пайдаланған ауыз әдебиеті-жыр,мақал-мәтелдер, жұмбақ,тақпақ,жаңылпаш,нақыл сөз, ақыл сөз үлгілерінен тапты. Мұны мәнгілік мәдени ескерткіш жасау деп ұқты. Фольклордың бұл қырын тереңдей ашу-халықтық педагогиканы жас ұрпақ санасына сіңіру деп түсінді.Бұл мәністер осы оайдағы үлгі Әуезовтік пайымдаулармен тікелей байланысты еді. Б.У. Уахатов іске асырды.
Сөйтіп Бекмұрат Уахатов қазақтың тұрмыс –салт жырлары жайлы зерттеп, түйгендерді бойынша көлемді ғылыми еңбек жазуды жоспарлаған екен. Оны тек жоспалап қана қоймай, зерттеп,жинаған материялдарын бес салаға бөліп дайын етіп те қойыпты. Ғалым болашақ зерттеу еңбегін “Өмір өткендері”,”Сөз өнерінің сиқырлы күші”,”Ата-бабалар салты”,” Халық лирикасы ”. Бірақ, ол ойын жүзеге асыра алмай, беймезгіл дүниеден өтіп еді. Әдебиетші ғалымның сол еңбегін “Рауан” баспасы қызметкерлері зерттеушінің жұбайы Дыбыс Қозбековнаның көмегімен,1991 жылы “Жазушы” баспасын “Алтын бастау” деген атпен монографиялық атпен еңбек етіп шығарған. Олар ойластыра келе,ғылымның зерттеулеріндегі,бұрын жарық көрген монографияларындағы айтылған кейбір жайларды қысқарта отырып, ”Өмір өткелдері”,”Сөз өнерінің сиқырлы күші” деп аталатын төрт тараулы кітап етіп шығарған. Сөйтіп, Б.Уахатовтың алтын басуы атына лайық алтын қазына жиынтығы болып фольклор ғылымына өз бағасымен қосылды.
Табылған қазыналарды дер кезінде зерттеуді, саралауды, жіктеп-топтап отыруды ыждахаттылықпен іске ұйымдастырды. Оларды дер кезінде жеке-жеке томдар, кітаптар жинақтар етіп жарыққа шығарып отыруды жүзеге асырады. Тікелей өзі жетекшілік жасап “Батырлар жыры”,”Қазақ ертегілері”,”Қазақ эпосы” сияқты тандаулы ебектер жинақтарын бастырып шығарды.Бұл еңбектер бір жағынан, жоғарыда көрсетілгендей, бұрын жарық көрген алғашқы алты томдық пен кейінгі көптомдықтардың негізі болды, екінші жағынан халқымыздың ауыз әдебиетінің жұртшылыққа кеңінен танытқан мәні өшпес мирастар болып қалды.
Әдебиет зерттеушісі Б.Уахатов педагогика ғылымы үшін де тер төккен ғалым еді. Бұған дәлел оның “Қазақ әдебиеті тарихы” кітаптарына жасауды, атап айтқанда,сол тарихтың 1және томының 2-кітаптарын жазысуы куә.Аталған тарихи кітаптың 1 томының 2-кітабындағы өлеңдер бөлімі Б.Уахатов жазды. 3-томының 2-кітабындағы “Повестер” бөлімі де соның қаламынан шықты. Сондай-ақ, 1965 жылы”Мектеп” баспасынан жоғарғы кластардан көркем шығармаларды талдау атты көлемді әдістемелік құрал кітабы басылып шықты.
Б.У.Уахатов тек танымал әдебиетші ғалым,білікті фольклорист қана емес, сонымен қатар қаламгер жазушы да, көркем ой, көсем сөз шебері-публицист. Ол 1950-1960 жылдар аралығында аспирантурада оқи жүріп, көркем творчествамен айналысты.1961 жылы қазақтың көркем әдебиет бапасынан “Амантай” атты көркем суретті кітабы басылып шықты.
Б.У. Уахатов “Лениншіл жас” (1965ж. 30 ноябрь) газетінде “Түтін”, Қазқстан пионері (1957ж.27 февраль) газетінде “Мақтаныш”,”Тың өлкесі” 1965ж. 6,7,8 апрель газетінде “Тыңайтқыш” пьесалары мен “Көркем” №6 журналында “Сын” жылдарында “Қазақ пионері” газетіне «Күнге сапар», “Қызыл ту”(1959ж. 20март) Павлодар облыстық газетіне “Құрбының сыры” атты әнгімелері жарық көрген.
2.2.Прозалық шығармалары.
Жас қаламгердің бұл көркем шығармалары тұтасымен бүлдіршіндер мен жасөспірімдер өмірін, солардың болмысын бейнелеуге арналған.Автор әр туындысына белгілі бір идеяны берік қазық етіп ұстады. Кейіпкерлерінің бейнесін іс әрекеті арқылы сол идеясына лайықтай сомдады.
Мәселен, Б.Уахатов өзінің “Сын ” атты әнгімесінің сюжетін жас ұрпақты әділетті болуға тәрбиелеу идеясына орай тартысқа құрды.
50-60 жылдардағы қазақ жастарының өмірі Б.Уахатов пьесаларында да көрініс тапқан. Оның 1956 жылы жас жазушылардың республикалық кеңесінде жақсы бағаланған “Түтін”, «Қош бол», «Сәтті бастама» атты пьесасы сол кезде кең етек алған-шындықты жаба тоқу жайы мен мансапқорлықты өткір суреттейді. Қаламгер “Тыңайтқыш” атты пьесасында тың хрушевтің принциптерді сынау сарыны жатты.
Сын саласындағы Б.Уахатовтың еңбегі ұшан теңіз.Біріне-бірі ұқсамайтын,үлкенді-кішілі, әр деңгейдегі қаламгерлердің әр қырынан келіп сыр шертеді.Керемет сөз сазгері Ғ.Мүсіреповтың шығармалары жайында пікір айтпаған сыншы ғалымдар кемде-кем шығар.Бекмұрат та осы ірі тұлғаға «Шеберлік шарты» деп аталатын көлемді еңбегін арнаған болатын.Негізгі тақырыптқа кіріспес бұрын бүкіл дүниежүзі әдебиетінің тарландарына сәл шолу жасайды.Атап айтқанда Джек Лондонның,Драйзердің,Р.О.Роланның,М.Горькийдің ірі-ірі туындыларының ерекшеліктеріне тоқтай келе,Эрнест Хемиегуйдің басты-басты сүбеліі шығармаларындағы кейіпкердерін саралап топшылап өрбіте отырып,Ғабеңнің әдеби шығармашылық әлеміне ойысады.Заман лебі кейіпкерлерінің қарым-қатынастары,сан алуан мінездер,табиғат көріністері,тілге байланысты шеберлікті жүйе-жүйеге бөліп,бар қыры мен сырын ашады. Бір тұста Ғ.Мүсірепов шеберлігінің тағы да бір қыры,ол табиғат көрінісін алдағы оқиғаға қарсы қоя,шендестіре суреттеуі» дегені де сыншының өзі болжап таныңан түйіні.
Мұхтар Әуезов туралы айтылған мына пікірі : «Қазақ әдебиетінде адам жанынының диалектикасын бейнелеуі және өмірдің бүтін бір дәуірін сол күрделі,тұтас күйінде алып көрсетуі жағынан Әуезовпен қатар тұраралық бірде-бір жазушы жоқ» дейді. Сейфуллин,Жансүгіров,Майлиндерден бастап,осы күнгі замандастарына дейін бір шоғыр прозалық шығармаларына талдау жасайды.Оның аяғы «Қазақ совет прозасындағы характер жасау шеберлігі» деген тақырыпта кандидаттық диссертацияға айналады да,оны табыспен қорғап шығады.Бұл –ғалымдық жолға түсудің алғашқы адымы еді.Бұдан соң,ол Жамбыл,Кене Әзірбаев,Үмбетәлі Кәрібаев секілді атақты халық ақындарының жырларын уағыздайды.»Жәкең-көп ғасырларды көктеп өткен жыр алыбы,төкпе жырдың тәңірісі болса,Кенен-біздің ең бір бай,асыл қазынамызды сақтаушы сыр сандығымыз сияқты» деген топшылаулары әбден құптарлық.Енді бірауық қазақ әдебиетінен тысқары тақырыпта да қалам сілтейді.Түркімен әдебиетінің көрнекі өкілі Берді Кербебеаевтың шығармалаларын талдап,назар аударады.Әсіресе, шығыс әдебиетенің бүкіл әлемге белгілі,жарқын жұлдыздарының бірі-Захиреддин Мұхаммед Бабырдың әдеби мұрасына үңіліп,пайымды пікір айтуы,Бекмұраттың ізденгіш,жан-жақты білімдар екенін танытқандай еді.
Осындай із қалдырып,өнімді белдерден асқан Б.Уахатов нағыз ғылымның дәмін татып,өзін-өзі тапқандай сезінеді.Арнасы кең әдебиеттің әйгілі бір қырына қарай ойысады. уақытқа ілесіп,бәрін түгел дер кезінде жинап-теріп отыру мүмкін емес.Халықтың осыншама бай мұрасына талдау жасап,төркін сырын ашу,әрине ерінбейтін еңбек,қажырлы қабілетті қажет етеді. Осы еңбекке бел буған кезеңнен бастап,Бекмұрат Уахатов өзін нағыз ғалым ретінде танытты.Яғни, «Біздің оттарымыз», «Тағдырлар тоғысы», «Ақсаусақ» деген тақырыпта әңгімелерін жазды.
Тынымсыз ізденіс нәтижесінде халқының қалаулысына айналған Б.Уахатовтың еңбегі негізінен үш үлкен салада көрінетіні анық. Оның біріншісі-халық мұрасын жинап жарыққа шығару ісі,,екіншісі-фальклор мен қазіргі әдебиетті зерттеуші,үшіншісі-сол әдебиеттің оқыту жолдарына байланысты методикалық еңбектер жазушы деуге болады.Қазақ әдебиетіндегі халқымыз қастер тұтатын таланттарымыз Жамбыл,Кенен Әзірбаев,Сара Тастанбекқызы хақындағы жазылған еңбектері,ғалымды тағы бір қырынан танытатыны сөзсіз.Бекең бүгінгі әдебиетіміздің келелі-келелі мәселелерін сөз еткенде парасатты ой –пікірлерімен дараланады.
Бекмұрат Уахатовтың «Қазақтың халық өлеңдері» деген монографиялық еңбегінде ертеден келе жатқан ән-өлеңдерін әдеби-этнографиялық тұрғыдан зерттеп,оның қалыптасуы мен даму тарихына тоқталады.Қазақтың халық өлеңдерін белгілі бір жүйеге келтіріп,бірнеше проблемалы мәселеге топтастырып,жіктеп талдайды. Атап отырған монографиялық еңбегінде қазақтың халық өлеңдерінің бүгінгі күнгі тағдыры мен болашақта жаңару,даму мәселесі жайлы да ой жүгіртеді.Бұл еңбек жеті тарауға жіктеліп халық өлеңдерін жиналу,зерттелуінен бастап,жанрлық сипатын тақырыптарға топтасып қарастырады. Халықтың наным-сенімдерінен туған бақсылық сарыны, арбау-байлау өлеңдері, тарихи өлеңдер деген сияқты жіктеп оның даму,қалыптасу стадиялық ерекшеліктеріне жіті назар салады.
Шығармалар:
Уахатов Бекмұрат . Алтын бастау.-Алматы «РАУАН» ,1998.-157 б.
Уахатов Бекмұрат Көркемдік ізденістер (әдеби сын мақалалар жинағы).-Алматы: «Жазушы»,1991.-208 бет ,портр.
Бекмұрат Уахатов .Қазақтың халық өлендері.-Алматы,1974.-286 бет.
Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер мен мақалалар
Аманат .Белгілі фольклорист-ғалым, сыншы, фиология ғылымдарының докторы Бекмұрат Уахатовқа арналады . 2- ші кітап.-Алматы,2010.-381 бет.
Аманат .Белгілі фольклорист-ғалым, сыншы, фиология ғылымдарының докторы Бекмұрат Уахатовқа арналады.-Алматы,2008.-448 бет.