Баймұлдин ауылдық кітапханасында Кеңес Одағының батыры Серікбай Мүткеновтың туғанына 110 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті.
1913 жылы Ақтоғай ауданы, Чкалов ауылында Мүткен Серғазиннің шаруа отбасында дүниеге келеді. Оның әкесі революцияға дейін қайтыс болған еді.
Ата-анасынан ерте айырылған ол, көптен бері білім ала алмай, бірақ өзінің дарындылығының арқасында Павлодар педучилищесін сырттай аяқтап, төмеңгі сыныптарға мұғалім болып, көптен бергі арманы орындалған еді.
Серікбай Мүткенов Жамбыл, Кеңес, Октябрь колхоздарында мұғалім болып қызмет етеді. Ол драмалық және хор үйірмелерін басқарып, өлендер жазып, кітапты көп оқитын. С.Мүткеновты оның жерлестері соғысқа аттанбас бұрын осындай қасиеттерімен көрген болатын.