Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Осыған орай Мәдениет және спорт министрлігінің былтырғы бастамасы – «Балалар әдебиеті жылы» биыл да жалғасын тауып отыр.
Балалар жылына орай Қызылқоғам ауылдық кітапханасы «Балалар - мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі» атты кітап көрмесі ашылды.
«2022 – Балалар жылына» орай балаларға арналған әдебиеттерді насихаттау мақсатында 1 сынып оқушыларына арналған "Кітапхана әлемінде" атты саяхат - сабақ ұйымдастырылып өткізілді.