Формирование принципов честности, добропорядочности, а также продвижение ценностей национальной культуры и духовности. Развитию этих направлений будет способствовать работа центров "Парасат жолы", которые реализуется в рамках проекта "Адалдык аланы"
Черное ауылдық кітапхананың кітапханашысы оқырмандар назарына "Сыбайлас жемқорлықпен күрес" атты ақпараттық сағатын ұсынады.
20.04.2022
Қызылқоғам ауылдық кітапханасы Парасат жолы жобасы бойынша "Сыбайлас жемқорлықсыз әлем" атты дөңгелек үстел мектептің 9 - 10 сынып оқушылары арасында өткізілді. Шара барысында оқушылар Сыбайлас жемқорлықпен күрес жайында ақпарат алып, сұрақтарына жауаптарымен қанағаттанды.
18.14.2022
Шарбақты ауылдық кітапханасында "Парасат жолы" жобасы аясында "Өз ісіне адал бол" кітап көрмесін ұйымдастырды.
Адамның ниеті, ойы, іс-әрекеті шындыққа негізделгенде адам өзіне де, өзгеге де адал болады. Адал болу кез-келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан-дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді.
Адалдық өмірінде керек нәрсе, Ол да гүлдеп, нұрланар көңіл бөлсе. Халыққа өз пайдасын тигізе алмай, Адам боп, өзін-өзі меңгермесе,- демекші әр адам дүние есігін ашып шыр етіп өмірге келген күннен бастап жүрек қалауымен , ата-анасының берген тәрбиесімен, жақсылық жамандықты көре жүріп өмір сүре бастайды. «Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» дегендей Шарбақты ауылдық кітапханасында "Парасат жолы" жобасы аясында "Адал кісі арымас, Арам кісі жарымас" атты тәрбие сағаты өткізілді.
30.03.22
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылды жүзеге асыру мақсатында Қызылқоғам ауылдық кітапханасы «Парасат жолы» «Адалдық алаңы» атты кездесу сұхбат өткізді. Кездесуге ауыл тұрғындары қатысты. Сұхбат барысында адалдық жолында, әділеттілік жолында жасалып жатқан игі істер жайлы айтылды.
« Парасат жолы» орталығының мақсаты - адалдық пен парасаттылықты, ізгілік пен әділдікті дәріптеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы игі істер: адалдық, парасаттылық, ізгілік, даналық, әділдік, қамқорлық, қайырымдылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға үндеу екенін айтылды.
28.03.2022
"Парасат жолы" жастарға, адалдық пен парасаттылықты, ізгілік пен әділдікті дәріптеу мақсатында Шарбақты ауылдық кітапханасында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі" онлайн сұхбат өткізілді.
-Сыбайлас жемқорлық деген сөзді қалай түсінесіз?
-Қызмет бабын теріс пайдалану, пара беру, пара алу, өкілеттігін теріс пайдалану, коммерциялық параға сатып алу не жеке тұлғаның өзінің лауазымдық жағдайын қоғамның заңды мүдделеріне қайшы өзге де заңсыз пайдалануы сыбайлас жемқорлық деп есептеледі.
-Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адам, егер бұл факт дәлелденбесе, қандай жауаптылыққа тартылады?
-жасалған қылмыс пен жала туралы көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.
-Қандай әрекеттерді пара бопсалау деп санауға болады?
-Қорқытып алушылық коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару функцияларын атқаратын лауазымды адамның немесе адамның пара беруді не ақша түрінде заңсыз сыйақы беруді талап етуін білдіреді. Сұхбат берген "Қызғалдақ" сәбилер бақшасының тәрбиешісі: Айткулова Мадина Сансызбаевна.
29.03.21
Бүгін 03.03.2021 сағат 11.00-де Парасат жолы орталығының басшысы Сәдібек Түгелмен зум платформасында кездесу өтті.
Абетжанов Дулат Ермекулы - руководитель КММ ′′ Молодоросшая спортивная школа Аккульского района ′′
Жастарға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу.
Жастардың алған білімдері оларды өмірде туындаған кез келген жемқорлық атаулымен кездестірмейтіндігіне сенгіміз келеді.Осыған орай Тлектес ауылдық кітапханашысы және ауыл клубының әдіскері жастарымен бирлесе отырып, "Жемқорлыққа жол жоқ!" атты танымдық минифильм ұсынады