Аққулы ауданының кітапханасының сайтына қош келдіңіз!

Жылдық жоспар

Аққулы ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі

 

Аққулы ОКЖ-нің

2022 жылға арналған

ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫ

   

 

 

 Кітапханалардың негізгі міндеттері және жұмыс бағыттары:

 

  • Пайдаланушыларға қызмет көрсетуде жаңалықтар енгізу, кітапхана қызметінің ассортименттерін кеңейту;
  • жастар арасында халқымыздың тарихын, салт-дәстүрін, тілін, дінін насихаттай отырып, имандылыққа тәрбиелеу;
  • кітапханалардағы бай мұраларды халыққа жүйелі түрде жеткізу;
  • қазақ тілінде әдебиеттер қорын оқырмандар қажетіне сәйкес толықтыру;
  • дәстүрлі мәдениетімізді озық үлгілерімен өрнектеп жаңғыртуға қосу;
  • тұрғындарды кітап оқуға тарту үшін олардың арасында көрнекті насихат жұмысын жандандыру;
  • оқырмандардың шығармашылық, интеллектуалды қабілеттерін дамытуда, белсенді жұмыс түрлерін енгізу;
  • оқырманға көркем әдебиеттерді көп оқуына ықпал жасап, баулу. Кітап пен оқуды көпшілікке насихаттау;
  • қазақстандық кітаптарды, қазақстандық жазушылардың шығармашылығын насихаттау, жаңа ұрпақты тәрбиелеуде қазақстандық кітап мәдениетінің әрі қарай да маңызын арттыра түсу, тұтынушыларды оқуға тарту;
  • өскелең ұрпақтың бойындағы адамгершілік, рухани қасиеттерді нығайтатын, ой-өрісі биік парасаттылықты, сондай-ақ қазақ халқының тарихи мұрасын насихаттау арқылы патриоттықты, оқырмандардың азаматтық көзқарасын қалыптастыратын қазақ халқының өткен тарихына, оның мәдени мұрасына, сан ғасырлық дәстүрі мен салтына деген зор ілтипатты бойларына сіңіру;
  • бүгінгі таңда қойылып отырған талаптар бойынша кітапханашылар оқырманның, соның ішінде мүғалімдер, дәрігерлер, ауыл-шаруашылық мамандар, кәсіпкерлер, мектеп, училище, жоғары оқу орнының студенттері сұраныстарын дер кезінде қанағаттандырып, күнделікті тапсырысты тез арада жеткізіп, кітаптармен, мерзімді басылымдардағы ақпараттармен таныстырып, үнемі хабарлау жұмысын жүргізіп отыру;
  • кітапханада жүйелі түрде ғылыми практикалық конференциялар, кештер, дөңгелек үстел жиегінде сұхбаттасу, шолулар ұйымдастыру, әңгіме, диспуттар өткізу;
  • оқырмандарымызға қызығушылық танытып, құмартып кітап қарайтын орны белгілеген және арнайы тақырыптар бойынша көз тартатындай, көркем безіндірілген, терең мазмұнды ашық көлемді кітап көрмелерін ұйымдастыру;
  • әлемдегі қызықты оқиғаларды білу мақсатымен келген әрбір оқырманға дұрыс бағыт беру, сұранысын қанағаттандыру;
  • оқырмандарды өз жері мен мәдени тарихын білуге қызықтыру, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрін  қастерлеуге, елін, жерін  сүюге, зиялы қауымды, өнер адамдарын құрметтеуге үйрету;
  • ұлттық тарихи мұраны халықаралық деңгейде насихаттау;
  • Президенттің жарлығымен әр жыл, әр саладағы тақырыпқа аталатын шараларды насихаттау; 
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын іске асыру мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру.  

 

І. Негізгі көрсеткіштер

 

Барлығы

І тоқсан

ІІ тоқсан

ІІІ тоқсан

ІҮ тоқсан

Оқырмандар саны

9008

2252

2252

2252

2252

Кітап беру саны

91030

22757

22757

22757

22759

Келіп кету саны

65824

16456

16456

16456

16456

ІІ. Ақпараттық және анықтамалық библиографиялық қызмет

 

  • Азаматтардың конституциялық құқығын жүзеге асыру мақсатында жеке тұлғаның білім мен ақпарат алуға еркін және шексіз енуін қамтамасыз ету.
  • Кітап қорын толыққанды және нәтижелі толықтыру, мәдени мұраларды сақтау және насихаттау.
  • Кітапханалық-ақпараттық процестерді автоматтандыру, жаңа технология негізінде ақпараттық ресурстар құру.
  • Ауыл кітапханашыларының кәсіби шеберлігін көтеру мақсатында зерделі кеңестер өткізумен бағдарламалар жасау.
  • Жыл сайын өткізілетін «Бір ел-бір кітап» акция бойынша жұмыс жасау. Түрлі іс-шаралар, әдеби-танымды кештер, сайыстар, дөңгелек үстел өткізу.
  • Кітапхана жұмысында жаңа технологияны қолдану-кітапхана қызметінің сапасын арттырып,оқырмандар санын толықтырып, мәдени деңгейінің көтерілуіне тиімді әсер ету. Жаңа ақпарат көздерін дер кезінде ашып, оны кітапхана оқырмандарына жедел хабарлау.
  • Оқырмандарды, жастарды сауатты жан-жақты тұрғыда білім-тәрбие алуларына жәрдемдесу мақсатында еліміздің тарихын, мәдени өнерін, әдебиетін, күнделікті қоғамда болып жатқан жаңалықтарды танып-біліп отыру үшін кітап, газет-журнал т.б. жаңа ақпараттық материалдарды насихаттау жұмысын жүргізу.
  • Оқырмандарымыздың кітапты құмартып қызығушылық танытып оқуларына кітапхана тарапынан бірнеше салада іс-шаралар өткізу.
  • Атаулы күндерге, өзекті мәселелерге байланысты арнайы тақырыптар бойынша көз тартатындай көркем безендірілген терең мазмұнды ашық көлемді тұрақты кітап көрмелерін ұйымдастыру. Әр саладағы кітап көрмелері арқылы оқырмандарымыздың білімін, ой-өрісін байытуға,рухын көтеріп, қиялына қанат бітіретін әдебиеттермен таныстырып, жастарды тәрбиелеу.
  • Оқырмандардың қажетті сұраныстарын, кітаптарын тез арада тауып алулары үшін кітапханада электрондық, дәстүрлі каталог, картотекаларды пайдалануына толық жағдай жасап отыру.
  • Электронды каталогқа жаңадан түскен кітаптарды енгізу.
  • Электрондық каталогтан жедел ізденіс жұмысын жүргізу,Электронды пошта, мәлеметтер базасын және Интернет ресурстарын пайдалану жұмыстарын жүргізу.

Кітапхананың мақсаты: оқырмандардын білімдерін жетілдіру, өздеріне қажетті ақпараттық материалдарды, кітаптарды кітапхана аппаратынан, электрондық каталог, картотекалардан қалай іздеу жолын үйрету, белгілі тақырып бойынша электрондық каталог, картотекалардан жазылған мәліметтің сөз мағанасы (ключевая слова) бойынша іздеу жолын үйрету. «Назар аударыңыз, жаңа элетронды кітап» көрмесін ұйымдастыру.

  • Баспасөз материалдардан картотека жасау, толтыру.
  • Көрнекі полка жасау, оны материалдармен толықтырып отыру.
  • Тақырыптық папкілерді жаңартып, толықтырып отыру.
  • "Дидар" жастар клубының жұмысын әріқарай жалғастырып ақын-жазушыларымыздың жаңа кітаптарының тұсаукесерлері мен шығармашылық әдеби кештерін өткізіп насихаттау.
  • Өлкетану электрондық каталогымен жұмысты жалғастыру.
  • Рабис бағдарламасымен жұмыс – жылына 3500 карточка енгізу.
  • Өлкетану картотекасымен жұмыс істеп, толықтыру. Тақырыпты рубликаларымен жұмыс істеу. Мысалы: «Ұлы Жеңіс-ұрпаққа аманат!», «Зұлмат жылдар жарасы», «Жемқорлық індет, жою міндет», «Как можно победить коррупцию?» социологиялық сұраныс ұйымдастыру.
  • Белгілі бір тақырыптағы атаулы күндерге байланысты ұсыныс тізімдерін, библиографиялық көрсеткіштерді құрастыру жұмысын жүргізіп отыру.
  • Кітапханаға жаңадан түскен әдебиеттерді насихаттау үшін үнемі библиографиялық шолу жасау, бюллетень шығару, ашық көрме ұйымдастырып отыру, «Құрметтейік кітаптарды», «Жаңа кітап әлемінде» деген жарнамалық бюллетень құрастырып оқырмандарға дер кезінде таратылуын қамтамасыз ету.
  • «Кітапхана-отбасылық оқудың орталығы» атты тақырыпта қызықты диспуттар ұйымдастыру.
  • Ұсыныс тізімі : «Ұмытылмас есімдер» , «Жастар-ел ертеңі», «Туған өлкенің тарихы»» атты буклеттер шығару.
  • Шолулар өткізу: «Ұлылардан қалған мол мұра», «Мерейтой иелері», «Отанымыздын ардақты ұлдары» 
  • Кітап-қазынаның дүниеде алатын орны ерекше жастар арасында насихаттау мақсатында жылына бір рет кітап мерекесін өткізу. Мысалы: «Кітап мәңгілік мұра», «Бар білімнің қайнар көзі-кітапхана» .
  • Оқырмандарға топтық және фронтальдық қызмет көрсету: Ашық кітап көрмесі, тақырыптық және жаңа әдебиеттер көрмесін ұйымдастыру. Кітапханалық сабақтар өткізу «Кітапхана өміріндегі жаңалықтар» , «Кітап сүйгіштер мерекесі»
  • Кешенді көпшілік шаралар: кітап талқылау, диспут, әдеби кеш, кітап презентациясын өткізу.
  • Оқырмандар арасында библиографиялық білімді насихаттау. Мысалы: «Библиография – білімге кілт» - экскурсия, «Менің болашағым жарқын!»
  • Оқырмандарға жаңаша турде қызмет көрсету, оқуға баулу, рухани байлығын көтеру.

 

III.  «Парасат жолы» жобасы бойынша бойынша жұмыс ұйымдастыру

 

Сыбайлас жемқорлық - заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі.

Тарихи тереңнен бастау алған сыбайлас жемқорлық бүгінде бүкіл әлем қоғамдастығына қауіп төндіріп отыр. Біздің республикамызда да бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттің бірінші кезектегі міндетіне айналды.

Болашақта осы індеттің алдан алып, мүлде болдырмау мақсатында:

- «Парасат жолы» бұрышының жоспарына сәйкес жұмысты жалғастыру. Мақсаты: жемқорлықтың  пайда болу себептерін және қоғамға келтірілген зиянды түсіндіру  арқылы сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты қалыптастыру, ар-намыс пен адалдықтың, беделдің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығын сезіну.

- ОКЖ-де «Жемқорлыққа жол жоқ» іс-шаралар циклін ұйымдастыру. Оқырмандарды Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы  айтылған басылым беттеріндегі материалдар, заңдар ҚР және  әдебиеттермен таныстыру.

 - Әлеуметтік желілердегі «Парасат жолы» рубрикасын жалғастыру.

 

 

  1. "Ауылдық кітапханаларда қорлар арқылы оқырмандар сұранысын қанағаттандыру."
  • Ауыл тұрғындарының қызығушылық қабілетін ояту.
  • Кітапханаға алғаш келген оқырмандарға кітапхананың қолдану ережелері мен кітапты дұрыс пайдалану қағидаларын таныстуру жұмысын жүргізу.
  • Оқырмандар арасында «Сүйікті оқырман», «Ең қызықты кітап» атты байқау жұмысын ұйымдастыру.
  • Аудандық кітапханасының басқаруымен барлық көпшілік кітапханаларға "Кітапханаға кітап сыйла" атты қайырымдылық акциясын ұйымдастыру

Осыған орай  тақырыптарда оқырманмен жүздесу, кездесу, сұхбат кештері, пресс-конференция өткізу. Мысалы: «Мәңгі тірі классика» атты әдеби лото, әңгіме «Дені саудың-рухы сау»

  • Оқырмандарға қызмет көрсетудің мәдениетін қамтамасыз ету, жас оқырмандарға каталогтармен картотекаларды, ұсыныстық тізімдер мен басқа да анықтама-библиографиялық және ақпараттық материалдармен жұмыс істеуді үйрету.
  • Аудандық " Аққу үні" газетімен байланысты нығайту. Мысылы: «Ауыл өмірі баспасөз бетінде», «Оқитын жастар-ұлт байлығы», «Мәңгі өшпейтін ерлік иелері» атты мақалалар жазу.
  • Кітапханалық сабақ өткізу: «Кітаптар тарихынан», «Кітап-ғасыр мұрасы», компьютермен күнделікті жұмыс істеу үшін есеп дәптерін жүргізу.
  • Оқырмандар үшін атаулы даталарға, еске алынатын күндерге, өзекті мәселелерге арналған кітап көрмелерін ұйымдастыру, папакалар жинақтау. Мысалы: «Асқар таудай алып тұлғалар», «Ұмытылмас ұлы адам», «Жоғалмас мұра»

 

V "Мекемелерге кітапханалық қызмет көрсету"

 

  • Кітапхана мынандай адамдарға қызмет көрсетуді қамтиды: жұмысшы мамандарға, ауыл-шаруашылық мамандарына, барлық оқушылар 10-11 сынып, ПЛ-28 оқушыларымен, жұмысшы жастармен, жұмыссыз жастармен, зейнеткерлер және жеке кәсіпкерлерге. Мұғалімдер мен оқушылар арасында жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу жұмысын насихаттау.
  • «Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ қолында», «Отбасы тәрбиесі-өмірлік азық», «Тәрбие-адам тағдырын шешетін ұлы іс» тәрбие сағаттарын өткізу.
  • Кітаптарді жаңа әдіспен пайдалануды кең қөлемде насихаттау. Оның ішінде кітап беташары, оқырман бенефисі, оқырман конференциясы, брейн-ринг өткізу.
  • Мүгедектерге, зағип және нашар көретін  азаматтарға  ақпараттың қызмет көрсету жұмысын жұргізу, әртүрлі  шаралар енгізу, тефломагнитолалары бар оқырмандарға дыбысты кітаптар тарату.
  • «Жүрек жылуын сыйлаймыз», «Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созайық» , «Көз - өз шырағың» атты кештер, әңгімелер, «Денсаулығынды сақта» лекториялар өткізу.

VІ "Кітапхананың іріктеу және сақтау қоры.

 

  • Кітапхананың кітап қорын іріктеп жинақтау үшін оқырмандардың сұрауымен, қызығушылығын есепке алып отыру.
  • Жетіспейтін әдебиетке  оқырмандардың сұрау салуының есебін жүргізу.
  • Социологиялық зерттеуге қатысып отыру.
  • Кітап қорын тазарту бойынша үнемі жұмыс жүргізу:

а\ тозған себебі бойынша-1т.

б\ ескірген мазмұның себебі –1т

в\ оқырманда жоғалтқан кітаптары бойынша-3 т.

  • Қордағы кітаптардын гигиеналық-санитарлық жағдайына белгілі уақыт қойып, жыртылған қітаптарды дер кезінде жөндеуден өткізіп отыру.-I-IV т.

 

VІI  "Творчестволық өндірістік әрекет".

 

  • Қызмет көрсету бөлімінің басты міндеті оқырмандардың рухани сұраныстарын, қызығушылықтарын қанағаттандыру.
  • Мемлекеттік бағдарламаны қазақ тілінде және басқада ұлттар тілінде насихаттау, біздің республиканың негізгі Ата Заңын, жаңа нышандарын\ Әнұран, Елтаңба, Ту \ , мемлекеттік тіл- қазақ тілін насихаттау.                                      
  • Қазақ Елінің Туына, Әнұранына, Елтаңбасына ерекше сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін қалаптастыру және Қазақстан азаматы деген атқа лайық  адам  тәрбиелеу. Өткізілетін шараларда еліміздің тілін, мәдениетін, дінін, салт-дәстүрін, қасиетті ұғымдарын ашып көрсетуге ұмтылу. 

 

Әдебиетті насихаттау

 

Тақырыбы

Түрі

Топ

Қай тілде өткізіледі

Жауапты

Мерзімі

Саяси-әлеуметтік әдебиетті насихаттау

«Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік  негізі»

Елбасы жолдауын талқылау

Барлық оқырмандар

Қазақ тілінде

Әйтей а/к

10.01

«Черный тюльпан»

Кітаптың тұсаукесері

10-11 сынып оқушылары

Қазақ тілінде

Аудандық кітапхана

11.02.

1-наурыз Алғыс айту күніне  «Алғыс жүректен шығады»

Библиографиялық буклеттерді тарату

Барлық оқырмандар

Қазақ тілінде

Аудандық кітапхана

01.03

8-наурыз әйелдер күніне «Аналар – асыл жандар»

Әдеби монтаж

Барлық оқырмандар

Қазақ тілінде

Қызылқоғам а/к

04.03

7-мамыр

«Жердің қорғаны, елдің тұтқасы»

Ерлік сағаты

5-9 сынып

Қазақ тілінде

Әйтей а/к

04.05

9-мамыр Жеңіс күніне «Теңдесі  жоқ  тарихи  

жеңіс» 

Концерттік бағдарлама

Барлық оқырмандар

Қазақ тілінде

Тлектес а/к

09.05

4-маусым Рәміздер күні «Туым-Елтаңбам, Әнұраным»

К/к

Барлық оқырмандар

Қазақ тілінде

Жамбыл а/к

01.06

«Көктегі батыр – Хиуаз Доспанова»

Бейне таспа

Барлық оқырмандар

Қазақ тілінде

Шабар а/к

23.06

6-шілде Астана күніне «Нұрын төккен -Нұрсұлтан»

Әдеби керуен

Барлық оқырмандар

Қазақ тілінде

Черное а/к

01.07

30-тамыз Конституция күніне «Конституция – адалдық қорғаны»

Тәрбие сағаты

Барлық оқырмандар

Қазақ тілінде

Шәмші а/к

29.08

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні «Ұлтына қамқор - Елбасы»

К/к

Оқушылар

Қазақ тілінде

Тлектес а/к

01.12

16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне «Тәуелсіздік таңы атты»

Патриоттық  кеш

Мүмкіндігі шектеулі жандарға

Қазақ тілінде

Мерғалым а/к

15.12

 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне «Символы свободы»

 «Мой Казахстан»

К/к, викторина

Барлық оқырмандар

Орыс тілінде

Ямышево а/к

16.12

Жаратылыстану-ғылыми әдебиетті насихаттау

«Ислам: діни ілімінің негіздері»

Тематикалық сағат

Кең орта

Қазақ тілінде

Жамбыл а/к

21.01

«Артық болмас білгенің»

Пікірлесу

Бастауыш сынып оқушылары

Қазақ тілінде

 

Шабар а/к

18.02

«Денім сау болсын десең...»

Әңгіме

Клуб мүшелері

Қазақ тілінде

Шәмші а/к

18.02

 

«Нашақорлық-қоғамның  рухани  ауруы»

Шолу

5 – 8 сынып оқушылары

Қазақ тілінде

Мерғалым а/к

27.05

5 маусым- Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне - «Экология-бүкіл әлем тағдыры»

Эко-ақпарат сағаты

Мектеп оқушылары

Қазақ тілінде

Әйтей а/к

14.06

«Сиқырлы серуен»

Табиғат аясына саяхат

Орта буын оқушылары

Қазақ тілінде

Тлектес а/к

27.09

«Рухани жаңғыру»

«Рухани жаңғыру – ұлттық жаңғыру»

тақырыптық көрме

Барлық оқырмандар

Қазақ тілінде

Шарбақты а/к

Жыл бойы

«Аталар сөзі-ақылдың көзі»

Рубрика

Барлық оқырмандар

Қазақ тілінде

Аудандық кітапхана

Қаңтар-тамыз

«Ел  мерейі – Рухани жаңғыру »

Әдеби кеш

Барлық оқырмандар

Қазақ тілінде

Мерғалым а/к

07.01

«Ұлттық қолөнер –ұлы мұра»

Ауыл әжелерімен кездесу

Оқушылар

Қазақ тілінде

Шабар а/к

13.02

 

«100 жаңа есімдер»

Танымық сағат

Оқушылар мен ересектер

Қазақ тілінде

Қызылқоғам а/к

15.02

«Біз бақытқа лайықпыз»

 

Сырласу кеші

 

Клуб мүшелері «Әжелер тобы»

Қазақ тілінде

Майқарағай а/к

04.03

«Айтыс-халықтың көзі, халықтың үні»

Слайд-презентация

Барлық оқырмандар

Қазақ тілінде

Аудандық кітапхана

03.05

«Ұлттық рухани  ескерткіштер»

Презентация

Барлық оқырмандар

Қазақ тілінде

Жамбыл а/к

04.05

«Туған елге тағзым»

Әңгіме сабағы

Барлық оқырмандар

Қазақ тілінде

Әйтей а/к

02.08

Мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс

«Пейілі кең асыл жандар»

Акция

 

Мүмкіндігі шектеулі жандар

Қазақ тілінде

Әйтей а/к

жыл бойы

«Елім – менің тірегім»

Әңгімелесу

Мүмкіндігі шектеулі жандар

Қазақ тілінде

Шабар а/к

09.04

«Табиғат әсемдігі»

Шолу

Мүмкіндігі шектеулі жандар

Қазақ тілінде

Қызылқоғам а/к

24.06

«Где добро, там и тепло»

Кездесу

Мүмкіндігі шектеулі жандар

Орыс тілінде

Ямышево а/к

09.10

Тілдер күніне әдебиет насихаттау

«Тіл – асыл қазына»

Ой- толғау

«Айгөлек»

балалар үйірмесі

Қазақ тілінде

Шәмші а/к

 

02.09

«Өлең тілдің әміршісі»

К/к

Барлық оқырмандар

Қазақ тілінде

Аудандық кітапхана

19.09

«Өнер алды – қызыл тіл»

Жұмбақ сайысы

3-4 сыныптар

Қазақ тілінде

Қызылқоғам а/к

20.09

«Тіл татулық тірегі»

Тәрбие сағаты

Орта буын

Қазақ тілінде

Жамбыл а/к

28.09 

ҚР Рәміздерінің бекітілгеніне 30 жыл

«Туым-Елтаңбам-Әңұраным»

К/к

Барлық оқырмандар

Қазақ тілінде

Жамбыл а/к

01.06

 

 «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы»

Тақырыптық көрме

Барлық оқырмандар

Қазақ тілінде

Әйтей а/к

03.06

ҚР рәміздер күні. «Елімнің рәміздері»

Патриоттық сағат

Оқушылар

Қазақ тілінде

Малыбай а/к

03.06

 «Рәміздер шеруі»

 

Тәрбие сағаты

«Айгөлек»

балалар үйірмесі

Қазақ тілінде

Шәмші а/к

03.06

 

 

Моральдық және құқықтық білімді насихаттау

«Парасаттың шыңы-даналық»

Кітап көрмесіне библиографиялық шолу

Барлық оқырмандар

Қазақ тілінде

Аудандық кітапхана

04.02

«Парасатты қоғам –тәуелсіздік тірегі»

Сұхбат

Барлық оқырмандар

Қазақ тілінде

Әйтей а/к

21.02

«Жемқорлыққа қалай қарсы тұруға болады?»

Викториналық сұрақ

Оқушылар

Қазақ тілінде

Черное а/к

10.06

«Заң және біз»

Тақырыптық сөре

Оқушылар

Қазақ тілінде

Қызылқоғам а/к

15.06

 

 «Қылмыс және жауапкершілік»

Дөңгелек үстел

Барлық оқырмандар

Қазақ тілінде

Жамбыл а/к

05.07

«Знание несовершеннолетних о законе правонарушений»

Жергілікті учаскелік полиция инспектормен кездесу

Жастар мен ересек оқушылар

Орыс тілінде

Баймолдин а/к

08.07

«Парасат жолы»

Бейнеролик

Барлық оқырмандар

Қазақ тілінде

Шарбақты а/к

29.09

Балаларға арналған көркем әдебиетті насихаттау

«Кітапхана әлемінде»

 

Саяхат сабақ

 

1 сынып оқушылары

Қазақ тілінде

Қызылқоғам а/к

21.01

«Аналарға сыйлық»

Шеберлік сағаты

Оқушылар

Қазақ тілінде

Малыбай а/к

07.03

«Ғарыш қаһармандарын»

Экспресс-инфо

5-6 сынып оқушылары

Қазақ тілінде

Аудандық кітапхана

12.04

«Қиын бала қайдан шығады?».

Диолог алаңы

Оқушылар

Қазақ тілінде

Черное а/к

28.04

1-ші маусым -Халықаралық балаларды қорғау күні «Балауса»

Өнер фестивалі

5-10 жас аралығындағы балалар

Қазақ тілі

Шақа а/к

01.06

«Саусағынан бал тамған»

Шеберлік алаңы

Оқушылар

Қазақ тілінде

Малыбай а/к

17.06

« Абайлаңыз, балалар!»

Кітап көрме

Мүгедек  балалар

Қазақ тілінде

Черное а/к

20.06

«Ұсқынсыз үйрек»

Әңгіме сағаты

Оқушылар

Қазақ тілінде

Шарбақты а/к

11.08

«Әдептілік  – әдемілік белгісі»

Пікірталас

Оқушылар

Қазақ тілінде

Тлектес а/к

22.10

«Әдепті бала –арлы бала»

Тәрбие сағаты

3-5 сынып оқушылары

Қазақ тілінде

Мерғалым а/к

26.10

«Балалық шаққа саяхат»

Дөңгелек үстел

Ересектер мен оқушылар

Қазақ тілінде

Майқарағай а/к

03.11

Көркем әдебиеттерді насихаттау

А. Байтұрсынұлына 150 жыл

«Ұлттың ұлы ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлы»

Танымдық сағат

Орта буын оқушылары

Қазақ тілінде

Тлектес а/к

28.01

Торайғыр би Едігеұлына 250 жыл

«Даланың дара биі Торайғыр»

Тарихи кеш

5-7 сынып оқушылары

Қазақ тілінде

Әйтей а/к

23.02

Ғ.Есімнің 75 жаста

«Аққулы елінің – ардағы!».

Тәрбие сағаты  

Барлық оқырмандар

Қазақ тілінде

Жамбыл а/к

15.04

М. Әлімбаевқа 100жыл

«Балдырған бағбаны»

Поэзия кеші

Оқушылар

Қазақ тілінде

Тлектес а/к

17.04

 М. Шаханов 95 жаста «Қайсар рухты ақын!»

К/к

Барлық оқырмандар

Қазақ тілінде

Шақа а/к

02.07

Ә.Нұршайықовқа 100 жыл

 «Еңбек пен ерлікті, махаббат пен достықты жырладым»

К/к

Барлық оқырмандар

Қазақ тілінде

Қазы а/к

18.08

Б.Соқпақбаевқа 100 жыл Балалар әдебиетінің бәйтерегі

Портрет кеші,

К/к

Барлық оқырмандар

Қазақ тілінде

Шабар а/к

09.09

С. Мәуленовке 100 жыл

«Өнерге ғашық жүрегі»

Танымдық сағат

Барлық оқырмандар

Қазақ тілінде

Черное а/к

23.09

М.Әуезовке 125 жыл

«Халқымыздың рухани көсемі»

Портрет кеші

4-6 сынып оқушылары

Қазақ тілінде

Әйтей а/к

28.09

 

М.Әуезовке 125 жыл

«Қазағын сүйген Мұхтар»

Бенефис

4-6 сынып оқушылары

Қазақ тілінде

Майқарағай а/к

28.09

Ә.Нұршайықовқа 100 жыл

 «Ерлік пен махаббат жыршысы» 

Әдеби жыр кеші

Барлық оқырмандар

Қазақ тілінде

Малыбай а/к

13.12

             

 

 

 

шаблоны для dle Можно зайти сюда newprogs.net чтобы скачать все для пк, а так же на allfilm.net посмотреть фильмы или скачать с newtemplates.ru лучшие шаблоны