Жаз айларында балалардың бос уақытын ұйымдастыру.Бос уақыт дене және ақыл-ой қызметін тынықтыратын, қарым - қуатты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу – шыңдалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды.Осыған орай, Малыбай ауылының әдіскері мен кітапханашының ұйымдастыруымен балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану мақсатында, « Күлкі бәріңе жарық сыйлайды» атты жасөспірімдердің қатысуымен қызықты ойын кеші өтті.