Биыл ТҰРСЫН ҚҰДАКЕЛДІҰЛЫ ЖҰТБАЙ ақынға 70 жыл толып отыр. Осыған орай Шақа ауылдық кітапханасы сіздердің назарларыңызға "Ұраны - Алаш азамат!" атты шолу дайындады. Ақын
1951 жылы 15 тамызда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы Абай ауданының Шаған ауылында туған. 1969-1974 жылдары қазіргі әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқыды. 1974-1976 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» газетінде тілші, 1976-1980 жылдары «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») журналының әдеби қызметкері, редакция меңгерушісі, 1980-1990 жылдары «Жұлдыз» журналының әдеби сын, проза, поэзия, очерк және публицистика бөлімдерінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының М.Әуезов мұраларын зерттеу бөлімінің (мұражай-үйінің) аға ғылыми қызметкері (1990-1992), бөлім (мұражай) меңгерушісі (1992-1996), ҚР ҰҒА-ның «М.Әуезов үйі» Ғылыми-мәдени орталығының директоры (1996-1998), Әдебиет және өнер институтының докторанты, аға ғылыми қызметкері (1998-2001).
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және «Әдебиет порталына» гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.
adebiportal.kz
ШЫҒАРМАЛАРЫ:
«Замандасым, сырласым» (1976), «Қоңыр қаз» (1978), «Жүрегімде жұмыр жер» (1980), «Бесқарагер» (1982), «Дара тұлға» (1984), «Жер - бесік» (1985), «Бабочка под снегом» (орыс тілінде, 1990), «Талант Калибека» (1992, орыс тілінде), «Болашақтың бәйтерегі» (2007) атты көркем шығармалардың авторы. Бұл туындылар қаламгердің өзіндік жазу мәнері мен философиялық-лирикалық сыйпаты арқылы ерекшеленеді. «Бейуақ» (1990), «Дулыға» (1-2 кітап, 1994), «Кетбұға» (1996), «Бесігіңді түзе!», «Талқы» (1997), «Мухтар Омарханович Ауэзов» (түрік, орыс тілдерінде, Анкара,1997), «Күйесің, жүрек... сүйесің!» (2001), «Бесігіңді аяла!» (2002), «Құнанбай» (2004), «Сүре сөз» (2005), «Дулыға» (қайта басылымы, 2007), «Ұраным - Алаш!..» (2007) атты деректі ғылыми-зерттеу кітаптары шықты.