Көн етікті демесең,
Көпті бұзар сөзім бар,
Көн садақты демесең,
Топты бұзар оғым бар.
Ел арасында асқан даналығымен, әділдігімен танылған қазақтың бір туар билерінің бірі Торайғыр би Едігеұлының - 250 жылдығына Жамбыл ауылдық кітапханада "Асылдың сыңығы " атты портреттік кеші өтті. Торайғыр би Едігеұлы 1772 жылы Баянауыл жеріндегі Бауыртаста дүниеге келген,шыққан тегі Арғын ішіндегі Сүйіндік руынан Айдабол. Торайғырдың адамның қоғамдағы орны туралы түсінігі мен нақылдарына, жақсы мен жаманды безбендеген көркем әрі бейнелі сөздеріне дала даналығы, халық философиясы тән. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы замана қайшылықтарын терең таныған Торайғыр бидің нақыл сөздерін (Аспан,жер және адам жаратылысы) өзінің тіршіліктің бастау сөздері жөніндегі ой-пікірлеріне дәлел ретінде пайдаланған Баянауыл өңірінде "Торайғыр көлі", "Торайғыр ауылы" атты жер-су аттары бар.