Майқарағай ауылының кітапханашысы
С. Шаймерденовтың 100 жылдығына орай “Қазақ драматургі Сафуан Шаймерденов” атты видео шолу ұсынады.
1922-жылы 15-сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов ауданы (қазіргі Жамбыл ауданы), Аманкелді ауылында дүниеге келген қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетінің сыншысы, халық жазушысы Қызылжар (Петропавл) қаласының құрметті азаматы Сафуан Шаймерденовтың туғанына биыл 100 жыл толып отыр. Жазушының шығармашылығын кәсіби түрде зерттеп, саралаған әдебиетшілер төртке бөліп қарастырады: біріншісі – көркем әдебиет, екіншісі – драматургия, үшіншісі – сын, төртіншісі – аударма. Жазушы шығармашылықпен ғана айналысып қоймай әр уақытта өзінің пікірін, азаматтық ұстанымын жасырмай ашық айтып келген қоғам қайраткері.