Әйтей ауылдық кітапханасы 3 сынып оқушыларына "Павлодар туған өлкем" атты өлкетану сағатын ұйымдастырды. Биыл Павлодар облысына 85 жыл толып отыр. Ерке Ертістің жағалауында орналасқан облыс орталығының құрылуы 15 қаңтардың 1938 жылдан бастау алған. Павлодар өңірі құнды мәдени әлеуетке ие. Облыста көмір шахталары, жылу электр станциялары мен мұнай өңдеу зауыты бар. Павлодар облысы Қазақстан энергетикасының орталығы болып саналады.