Жыл қорытындысы: үздіктердің үлесі
2023 жылдың 5 желтоқсанында Алматы қаласында «Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «Қазақстанның үздік мәдениет қызметкері» республикалық байқауының қорытындысы шығып, марапаттау конференциясы өтті. Байқау екі кезеңнен тұрды. «Аққулы ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің басшысы Дарико Табулова, әдіскері Майгүл Адильшенова және кітапханашы Айзада Жумадилова байқаудың бірінші кезеңіне қатысып, «ЖасTime – время молодых. Аққулының жаңа тынысы» жобасын ұсынды. Екінші кезең қорытындысы бойынша ұсынылған жоба Республика көлемінде үздік атанып, қатысушылар Құрмет грамотасы және «Қазақстанның үздік мәдениет қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, байқауға үздік мамандарды қатыстырғаны үшін «Мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің басшысы Лаура Ерсайынқызы Құмароваға Алғыс хат жолданды